author

picture

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» пәні заңи жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті оқу пәндерінің бірі болып табылады.

Азаматтық құқық ұлттық құқық жүйесінде қазақтандық жеке құқықтың түбегейлі негіздерін айқындап қана қоймай, кәсіпкерлік қызметті іске асыру нәтижесінде, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. айналымын азаматтық-құқықтық реттеу нәтижесінде қалыптасатын кең көлемдегі мүліктік және жеке мүліктік емес қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке құқықтың «конституциясы» болып табылады.