author

picture

Әдебиетті оқыту әдістемесі – күрделі ғылым. Оқыту заңдылықтарын қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық заңдылықтарын қарастыратын психологиямен, көркем әдебиеттің даму заңдылықтарын қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей қатысады, жетістіктеріне сүйенеді, алайда өзіндік міндеттерін көздейді. Әдебиетті оқыту әдістемесі – адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты ғылым. Ал адамтану, адам қалыптастыру қоғамдағы ең маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан басқа әлеуметтану, қоғамтану ғылымдары да кіреді.