author


picture

Екінші шетел тілінде (қытай тілі)  оқытудың бірінші оқу жылында сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің негіздері қалыптасады. Бірінші оқу жылының тілдік материалы жиі қолданылатын фонетикалық(шыңму,юнму,тондар, бихуа бишундер,),лексикалық және грамматикалық құбылыстарды, әр түрлі сөз тіркестерін және клишелерді қамтиды. А1 деңгейіне сәйкес білімгерлер өздері туралы немесе өздеріне қажетті мағлұматтарды алу үшін қолданылатын қарапайым сөз тіркестерін, сөйлемдерді меңгереді. А2 деңгейі білімгерге жеңіл грамматикалық құрылыстарды, жаттаған сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, оңай тақырыптарда қысқаша сөйлеуге өзі жайында, күнделікті сабақтары жайында айтуға, өтініш білдіруге, сұрақ қоюға, сонымен қатар, өзі және басқалар туралы айтуға, олар не істейтіні, қайда тұратыны, нелері бар екені жайлы хабарлауға мүмкіндік береді.

Бастапқы деңгейдегі екінші шетел тілінің    тілдік төрт әрекетін (тыңдалым,оқу,жазу,сөйлеу) меңгерген; оқытудың осы кезеңінде қамтылатын А1 және А2 деңгейіндегі базалық лексикалық және грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе біледі.