Пәнді оқыту барысында студенттер әдебиеттануға кіріспе, қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, дәстүр және жалғастық, өзара байланысын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, әр кезеңдегі әдебиет өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларының тақырыптық- мазмұндық, көркемдік - эстетикалық қырларыман танысып, олардың ұлттық рухани мұраларына назар аударады, сол арқылы осы уақытқа дейін алған білімдерін тереңдетеді. Осы пәнді оқыту барысында студенттерге сол кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселе жайында әр кезде қалыптасқан түрлі дұрыс-бұрыс түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады. Осы дәуірді қамтитын қазақ әдебиеті  қилы саяси-әлеуметтік, қоғамдық оқиғаларды бастан кешті. Соған қарамай дарынды жазушылармен толығуы, жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, кемелдену процесін  бастан  кешірді, тақырыптық жағынан да  белгілі шығармалар шоғыры туды.

Сталиндік  репрессия, Ұлы Отан  соғысы,  тақырыптарына  қазақ жазушылары, ақындары дендеп барды. Көркемдік салада да  айтулы табыстарға  қол жеткізілді. Пән мазмұнында халықтың рухани қазынасының баюына айырықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы ақын-жазушылары С.Сейфуллин, М.Жұмабааев, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, И.Байзақов, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Аманжолов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т. б. шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалынып, шынайы баға беріледі.