Философияның қазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісі - адам және оның табиғат пен қоғаммен арақатынасы - аркылы анықталады. Философия адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.

  «Философия» пәнінің жаңартылған жалпы білім беру мазмұны  студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.