Ұсынылып отырған курста өз пәні, терминологиясы мен зерттеу әдістері бар үш ғылыми пәннің – әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану дәрістері жинақталған. Әлеуметтік-саяси білім «әлем-адам» арақатынас мәтінінде объективті және субъективті процестерді қарастырады. Бұл білім қоғам мен адам дамуының негізгі процестерін білу үшін қажетті белгілі бір үлгілерді, механизмдерді және фактілерді қамтиды. Осы ғылыми пәндер арасындағы өзара әрекеттестік принциптер мен ақпараттың бірін-бірі толықтырылуына, интеграциялануына және зерттеу тәсілдерінің әдіснамалық тұтастығына негізделеді.