author

pic

Азаматтық құқық жеке құқық саласында орталық орынға ие және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1 бабында сипатталғандай, реттеу пәніне тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар жатады.

Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі шарттан және шарттан тыс туындайтын міндеттемелердің жекелеген түрлерін құқықтық реттеуге арналған. Азаматтық кодекстің ерекше бөліміндегі азаматтық-құқықтық міндеттемелерді шартты түрде келесідей төрт топқа жіктеуге болады:

1.  мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, сатып алу сату, айырбас, сыйға тарту);

2.  мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, мүлік жалдау, лизинг, прокат);

3.  жұмысты атқару жөніндегі міндеттемелер (мердігерлік шарты);

4.  қызмет көрсетуге байланысты міндеттемелер (мысалы, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы, сақтандыру, сақтау).

Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерден тыс АК ерекше бөліміне келесілер енеді: зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме, интеллектуалдық меншік құқығы институты, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық (өз алдына жеке пән болып табылады).