Физиканы оқыту процесінде зертханалық жұмыстарды жасау теория мен практиканы байланыстырушы ретінде қарастырылады. Зертханалық жұмыстарды орындау білім алушылардың эксперименттік және практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, білім алушылардың танымдық қабілеттерін, әрі белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады.

Ұсынылып отырған курста дәстүрлі оқыту әдістері мен ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру әдістері келтірілген.

Курс мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі мектептің физика курсы бойынша әртүрлі формалы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуге дайындау.