Ұсынылып отырған курс  қоғамдық-гуманитарлық бағытында білім алатын 1-курс студенттеріне  (Негізгі орта білім базасында)арналған.

 

Курстан студенттер  қазақ әдебиеті классиктерінің өмір жолы мен шығармашылықтары туралы негізгі мәліметтерді меңгереді. Сонымен қатар  қазақ жазушыларының адамзат тарихымен тығыз байланысты көркем шығармаларынан туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танып, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтырады, жетілдіреді. Көркем туынды эстетикалық талғамдарын байытады және әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландырады.