автор

рисунок

Жас ұрпақты тәрбиелеуде – тарих пәні оқытушыларының жүгі де ауыр. Сондықтан да  «Қазақстанның орта ғасырлар тарихы» пәні – Түркі қағанаты құрылған ҮІ ғасырдан ХҮІІІ ғасырдың басына, яғни «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғаларына дейінгі ата-бабаларымыз жүріп өткен жолының негізгі тарихи кезеңдері мен оқиғаларын студент жастарға оқыту және саналарына сіңіру. 

Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, нақ сол қоғамға жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

Пәннің бағдарламалық мазмұны төрт модульге бөліп қарастырылған.