author

pic

Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда өте қажет. Деректану, тарихнамамен қатар, тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамассыз етеді. Деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға үйрететін ғылым – деректану ғылымы.

Деректік базаның кеңеюіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің әр түрлі деректерде әр түрлі бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажет. «Теориялық деректану» курсында деректердің түрлерін қарастырып, оларды сыннан өткізіп, деректерді сыныптайды.