author

Әкімшілік құқық-құқықтық жүйенің іргелі салаларының бірі. Атап айтқанда, бұл курс егеменді Қазақстанның жаңа міндеттеріне сәйкес әкімшілік құқық институттарын қайта қарауға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелер: әкімшілік құқықтың негізгі қағидаттары, санаттары мен ережелері, қолданыстағы заңнамаларда дұрыс бағдарлануы туралы білімдерді байыту; студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, сондай-ақ жалпы, салалық және арнайы құзыреттілікті басқару органдарының өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерімен таныстыру. Әкімшілік құқықтың нормативтік актілері бойынша теориялық білімді меңгеруге мүмкіндік береді және оларды тәжірибеде қолданады.