Author

«Педагогика» базалық пәнінің типтік бағдарламасы «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған және орта білім беру мұғалімдерін даярлауға бағдарланған. Педагогика  болашақ мамандарды әр түрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу мен білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады,  әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болады. Педагогиканың  даму жолдары және оған үлес қосқан ұлы педагогтар туралы қарастырылады. Педагогиканың ғылымы зерттеу әдістері, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның жеке пәндерге тармақталуы баяндалады. Тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, балалардың жас кезеңдері мен дербес ерекшеліктері қарастырылады.

Пәнді оқыту мақсаты орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін калыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері - Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қаруландыру.

- Болашақ мұғалімдерге өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

- Болашақ мұғалімдердің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, дағды, педагогикалық әдеп, толерантталық және т.б) дамыту.

- Түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық т.б) қалыптастыру.

- Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

Білулері тиіс:

-       Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

-       Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

-       Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

-       Ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;

-       Мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;

-       Педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыруды;

Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыруды;