author

Мектептегі физика курсындағы эксперимент - бұл физика ғылымына тән, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып-үйрену - оқушылардың ғылыми көзқарасының  қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға және  өлшеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға себін тигізеді.

Ұсынылып отырған курста физика бойынша оқу экспериментінің түрлері, физикалық эксперименттегі өлшеулер, өлшеу қателіктерін анықтау әдістері қарастырылады.