authorБұл пән геометриялық фигуралардың қасиеттерін математикалық талдау   элементтері  арқылы зерттеуге бағытталған. Пәннің негізгі мазмұнын қисықтарды анықтау әдістері мен анықтамалары, ілесуші үшжақтың элементтерінің теңдеулері, беттің теңдеулері, оның жанама жазықтығы мен нормалын анықтау, метрикалық және топологиялық кеңістіктерді анықтау, жадық көпбейнені анықтау құрайды. Сызықтың қисықтығы мен бұралуын есептеу, беттің бірінші және екінші квадраттық формаларының коэффициенттерін есептеу әдістері сипатталған.