author

«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәнінің зерттеу обьектісі – конституциялық-құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастардың аясы, конституциялық-құқықтық нормалар, институттар және қатынастар, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, мемлекеттің органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы саласының және ғылымның негізгі даму тенденциялары болып табылады.

Осы пәнді зерттеу әдістері: конституциялық-құқықтық нормаларын және институттарын, конституциялық-құқықтық қатынастарын, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихын, демократиялық құқықтық мемлекеттілін қалыптастыру жағдайларда конституциялық заңнамасын жетілдірудің негізгі тенденцияларын зерттейтін диалектикалық, формальды-логикалық, тарихи және салыстырмалы зерттеу әдістері. Диалектикалық әдіс студенттерге конституциялық құқық құбылыстары мен котегорияларын қозғалыста, саяси, әлеуметтік және қоғамдағы өзге процестермен байланыста қарастыруға жәрдемдеседі.

Формальды-логикалық әдістің негізінде конституциялық-құқықтық жекеде шындықтан жалпыға, жалпыдан жекелендіру жолымен танылады. Тарихи әдістің көмегімен Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық институттарының тарихи дамуы зерттеледі. Конституциялық құқықтың маңызды әдісі салыстырмалы әдіс болып келеді, ол арқылы Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттердің конституциялық-құқықтық институттарына салыстырмалы зерттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық ғылымы өзге қоғамдық және заң ғылымдар арасында жетекші рөлін атқарады және негізін қалаушы орнын алады. Конституциялық құқық ғылымының пәніне қазақстандық конституционализмнің теоретико-әдістемелік мәселелері, Қазақстан Республикалық конституциялық даму тарихы, конституциялық заңнамасы дамуының негізгі тенденциялары және заңдылықтары, конституциялық-құқықтық нормалар және институттары, сонымен қатар конституциялық құқықтық қатынастар жатады.