После регистрации нового пользователя, если выходит такое сообщение
то Вы можете работать с сайтом после того как администратор подтвердит Вашу заявку в течении суток
После регистрации нового пользователя, если выходит такое сообщение
то Вы можете работать с сайтом после того как администратор подтвердит Вашу заявку в течении суток
Өлшемдік бағалау білім үдерісінің қажетті коипоненті ретінде, білім алушының ағымдағы және қорытынды бағалау білім алу кезіндегі үлгерімі жайлы жиналып талданған ақпаратына негізделген. Білім үдерісіне қатысы бар субъектілердің барлығына мақсаты, міндеті, объектісі, принциптері, әдістері, формасымен құрылғылары түсінікті болуы шарт.
Бұл
пән геометрияның ұғымдары
мен әдістерін векторлық алгебра элементтері арқылы зерттеуге бағытталған. Пәннің негізгі мазмұны-түзу мен жазықтықты, 2-ші ретті сызықтар мен беттерді, олардың
теңдеулерін, жазықтықтың сызықтық және аффиндік түрленуін зерттеу. Мектеп
геометриясының есептерін шешу үшін Аналитикалық геометрия әдістерін пайдалануға
көңіл бөлінеді.
«Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығы» пәнінің зерттеу обьектісі –
конституциялық-құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастардың аясы,
конституциялық-құқықтық нормалар, институттар және қатынастар, Қазақстан
Республикасының конституциялық даму тарихы, мемлекеттің органдар және
жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы саласының және ғылымның негізгі
даму тенденциялары болып табылады.
Осы пәнді зерттеу әдістері: конституциялық-құқықтық нормаларын және институттарын, конституциялық-құқықтық қатынастарын, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихын, демократиялық құқықтық мемлекеттілін қалыптастыру жағдайларда конституциялық заңнамасын жетілдірудің негізгі тенденцияларын зерттейтін диалектикалық, формальды-логикалық, тарихи және салыстырмалы зерттеу әдістері. Диалектикалық әдіс студенттерге конституциялық құқық құбылыстары мен котегорияларын қозғалыста, саяси, әлеуметтік және қоғамдағы өзге процестермен байланыста қарастыруға жәрдемдеседі.
Формальды-логикалық әдістің негізінде конституциялық-құқықтық жекеде шындықтан жалпыға, жалпыдан жекелендіру жолымен танылады. Тарихи әдістің көмегімен Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық институттарының тарихи дамуы зерттеледі. Конституциялық құқықтың маңызды әдісі салыстырмалы әдіс болып келеді, ол арқылы Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттердің конституциялық-құқықтық институттарына салыстырмалы зерттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық ғылымы өзге қоғамдық және заң ғылымдар арасында жетекші рөлін атқарады және негізін қалаушы орнын алады. Конституциялық құқық ғылымының пәніне қазақстандық конституционализмнің теоретико-әдістемелік мәселелері, Қазақстан Республикалық конституциялық даму тарихы, конституциялық заңнамасы дамуының негізгі тенденциялары және заңдылықтары, конституциялық-құқықтық нормалар және институттары, сонымен қатар конституциялық құқықтық қатынастар жатады.
Python бағдарламалау тілі – әртүрлі парадигмалар бойынша бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін динамикалық терілген жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі: процедуралық бағдарламалау, объектіге бағытталған бағдарламалау, параметрлік бағдарламалау, функционалдық бағдарламалау және метабағдарламалау. Бұл курс Python тілінің барлық негізгі мүмкіндіктерін және оларды бағдарламаларды әзірлеуде қолдануды қамтиды. Бағдарламалардың кең ауқымын құруға қажетті Python тілінің кітапханаларының сипаттамасы берілген.
Бұл
пән геометриялық фигуралардың қасиеттерін математикалық талдау элементтері
арқылы зерттеуге бағытталған. Пәннің негізгі мазмұнын
қисықтарды анықтау әдістері мен анықтамалары, ілесуші үшжақтың элементтерінің
теңдеулері, беттің теңдеулері, оның жанама жазықтығы мен нормалын анықтау,
метрикалық және топологиялық кеңістіктерді анықтау, жадық көпбейнені анықтау
құрайды. Сызықтың қисықтығы мен бұралуын есептеу, беттің бірінші және екінші
квадраттық формаларының коэффициенттерін есептеу әдістері сипатталған.
Курс уголовно-процессуального
права РК – изучает пути быстрого и полного раскрытия преступлений, изобличение
и привлечение к уголовной ответственности лиц, их совершивших, справедливое
судебное разбирательство и правильное применение уголовного закона. Кроме
этого, курс содержит такое понятие как
соотношение теорий и практики.
Курс криминалистики
рассматривает теоретические знания, умения и практические навыки использования криминалистических
средств, приемов и методов выявления, раскрытия и предупреждения преступлений.
Высокий уровень овладения криминалистическими знаниями и умение их использовать
в следственной практике - непременные условия профессионализма следователей.
Мектептегі физика курсындағы эксперимент - бұл физика ғылымына тән, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып-үйрену - оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға және өлшеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға себін тигізеді.
Ұсынылып отырған курста физика бойынша оқу экспериментінің түрлері, физикалық эксперименттегі өлшеулер, өлшеу қателіктерін анықтау әдістері қарастырылады.
Еңбек құқығы құқықтың дербес саласы болып табылады, оның өзіндік пәні, әдісі, қағидалары бар және құқықтың басқа салаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Курстың оқыту пәні еңбек қатынастарымен тығыз байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық тұжырымдамалар болып табылады
Ұсынылып отырған курста еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, демалыс уақыты, жұмыс уақыты, еңбек тәртібі, еңбекке ақы төлеу, еңбек даулары, еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік қарастырылады.Криминалистика курсы криминалистикалық құралдарды пайдаланудың теориялық білімдерін, дағдыларын және практикалық дағдыларын, қылмыстарды анықтау, шешу және алдын алу әдістерін зерттейді. Сот-сараптамалық білімді меңгерудің жоғарғы деңгейі және оларды тергеу тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі тергеушілердің кәсібилігін қамтамасыз етудің қажетті шарттары болып табылады.
Бұл пәнде мемлекеттік қызметтің кәсібилігі мен құзыреттілігін және ол көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мәселесі қарастырылады, ол ел үшін өзекті. Бүгінгі таңда Қазақстанда, өтпелі экономикасы бар елде қоғамдық және экономикалық қатынастарда болып жатқан өзгерістермен қатар, мемлекеттің рөлін трансформациялаудың күрделі процесі жүріп жатыр. Сондықтан да мемлекеттік қызметті реформалау реформалардың басым бағыты болып табылатын жағдай қалыптасты. Егемен Қазақстан үшін мемлекеттің өзгермелі функцияларын ескере отырып, халық пен қоғамның қажеттіліктеріне барабар ден қою мемлекеттік аппараттың өзекті қабілеті болып отыр.
"Салық және салық салу" курсы білім алушылар үшін экономикалық білім беру бағдарламалары бойынша пән болып табылады.
"Салық және салық салу" курсы салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мәні мен түрлерін зерделеуді, салық жүйесінің, салық саясатының және салық тетігінің мазмұнын айқындауды білдіреді.«Педагогика» базалық пәнінің типтік бағдарламасы «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған және орта білім беру мұғалімдерін даярлауға бағдарланған. Педагогика болашақ мамандарды әр түрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу мен білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болады. Педагогиканың даму жолдары және оған үлес қосқан ұлы педагогтар туралы қарастырылады. Педагогиканың ғылымы зерттеу әдістері, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның жеке пәндерге тармақталуы баяндалады. Тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, балалардың жас кезеңдері мен дербес ерекшеліктері қарастырылады.
Пәнді оқыту мақсаты орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін калыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері - Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қаруландыру.
- Болашақ мұғалімдерге өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
- Болашақ мұғалімдердің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, дағды, педагогикалық әдеп, толерантталық және т.б) дамыту.
- Түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық т.б) қалыптастыру.
- Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
Білулері тиіс:
- Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;
- Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
- Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
- Ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
- Мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
- Педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыруды;
Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыруды;
"Өрт қауіпсіздігі" пәні 5В073100 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"мамандығының студенттеріне арналған таңдау компонентінің кәсіби пәндер цикліне кіреді.
Бұл пәнді оқу мақсаты-студенттердің өндірістік және азаматтық объектілердегі өрт пен жарылыстың алдын алу бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру, студенттердің өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану бойынша білім жүйесін, ептілік пен дағдыны қалыптастыру, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану бойынша білім жүйесін қалыптастыру.
Изучить основные моменты: Правовые нормы, стандарты и требования в области «Охраны труда и безопасности производств»; систему управления охраной труда и техникой безопасности; организационные, технические средства защиты работающих от воздействия вредных факторов |
Әкімшілік құқық-құқықтық
жүйенің іргелі салаларының бірі. Атап айтқанда, бұл курс егеменді Қазақстанның
жаңа міндеттеріне сәйкес әкімшілік құқық институттарын қайта қарауға мүмкіндік
береді. Күтілетін нәтижелер: әкімшілік құқықтың негізгі қағидаттары, санаттары
мен ережелері, қолданыстағы заңнамаларда дұрыс бағдарлануы туралы білімдерді
байыту; студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, сондай-ақ жалпы, салалық
және арнайы құзыреттілікті басқару органдарының өзара қарым-қатынасының
ерекшеліктерімен таныстыру. Әкімшілік құқықтың нормативтік актілері бойынша
теориялық білімді меңгеруге мүмкіндік береді және оларды тәжірибеде қолданады.
Дисциплина «Компьютерные сети» является обязательным компонентом .
Предмет изучения и структура дисциплины, ее задачи и место в общей структуре дисциплин специальности. Краткий исторический очерк развития компьютерных сетей. Компьютерные сети, как основа построения информационной системы.Пән студенттерді кәсіби қызметке дайындайды, мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде, талдау және шешу іскерлігін дамытады, педагогикалық міндеттер мен проблемалар, ҚР және шет елдердегі мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту туралы түсінік береді, мектепке дейінгі педагогика бойынша ғылыми зерттеулерді ашады, білім берудің қазіргі заманғы мәселелерінде бағдарлауға мүмкіндік береді. «Мектепке дейінгі педагогика» курсы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық процестердің негіздерін қарастырады, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке ерекшеліктерін ескереді, мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық процесін ұйымдастыруды қарастырады. Теориялық ізденіс, нақты тәжірибені талдауда мектепке дейінгі педагогика баланы отбасында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелеудің құралдарын, әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге, жетілдіруге, олардың даму тенденцияларын болжауға мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясы - заңтанудағы ең маңызды теориялық тұжырымдамаларды әзірлейтін, студенттерді мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың заманауи білімдерімен таныстыратын әдістемелік ғылым. Бұл пәнді оқыту барысында мемлекет және құқық теориясың негіздері оқытылады.
Курстың мақсаты: мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін айқындау, Қазақстанның билік тармақтарын түсіну - биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарын ажырату.
Курстың міндеттері: мемлекет және құқық теориясы туралы толық мәлімет беру, Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларда дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға дұрыс баға беру; құқықтық актіні дұрыс талқылау және қолдану дағдысын дамыту; мемлекеттің құқықтық актісіне деген құрметтеушілік қатынасты қалыптастыру және оның бұзылуына төзімділік танытпау; Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің негізін қалаушы саларымен танысу; құқықтық институттар және қазіргі кезеңдегі мемлекеттік құқықтық тәжірибесіндегі жүзеге асырылатын реттеу әдістері туралы; адам және азаматтың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын; мемлекет органдарының ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.
Considers the study of a sufficient level of proficiency in a foreign language intended for the implementation of written and oral information exchange, the expansion of 4 types of speech (reading, writing, listening, speaking) at the level of A1-A2. Coverage of the main lexical topics aimed at achieving students ' levels A1,A2.
Ақпараттық
жүйе ретінде веб-сайт құрылымын жобалау технологиясын; клиенттік және серверлік бағдарламалау
құралдары арқылы веб-сайт құру технологияларын; web-сайтты серверге
орналастыру, қолдау және қызмет көрсетуді оқытады.Web – қосымша құруға арналған құрал ретінде
серверлік сценарий жазуға арналған тіл. РНР
- тілі Internet-технологияның
үлкен шегін ұстанады және web-құрастырушыларға динамикалық генерацияланатын
web-беттерді құру құралдары мен технологияларын ұсынады. РНР –ге деректер
қорының әртүрлі серверін ұстану қосылған.
Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда өте қажет. Деректану, тарихнамамен қатар, тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамассыз етеді. Деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға үйрететін ғылым – деректану ғылымы.
Деректік базаның кеңеюіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің әр түрлі деректерде әр түрлі бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажет. «Теориялық деректану» курсында деректердің түрлерін қарастырып, оларды сыннан өткізіп, деректерді сыныптайды.В курсе «Введение в психолого-педагогическую профессию» раскрываются основные подходы психолого-педагогической науки к таким понятиям как «содержание, формы и методы деятельности педагога-психолога», «педагогическая культура», «этический кодекс педагога-психолога», которые способствуют пробуждению у студентов интереса к будущей профессии, посвящают в особенности их будущей профессии.
Главная методическая проблема данного курса состоит в необходимости сочетать широту охватываемого материала, его фундаментальность, поскольку речь идет о базовой подготовке профессиональных педагогов-психологов, с его относительной простотой, доходчивостью и занимательностью изложения.
В ходе изучения курса студенты знакомятся с основными нормативными и правовыми документами, касающимися их будущей профессии, основными направлениями и спецификой психолого-педагогической деятельности.
“Ақша, несие, банктер” курсы жоғары және орта экономикалық оқу орындары студенттерінің ақша, несие және банктер туралы теориялық білімін қалыптастыратын базалық пән.
Аталған пән – ақша және несие, ақша айналымы, ақша және несие жүйесін қарастырады. Онда ақша және несиенің теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендірілуіндегі қаржы-несие институттарының рөлі мен алатын орны, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық-несиелік қатынастар, биржа ісі т.б. қамтылады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасы және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік - әміршілдік басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті.
Мақсаты: Білімгерлерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
• пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;
• барлық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.
Бұл оқу курсының міндеті:
Курс бағдарламасы бойынша оқудың негізгі міндеттері:
- Ақша, несие, банктер теориялық аспектілерін зерттеу;
- білімгерлерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі бір минимумын беру;
-оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машықтарды (навыки) дарыту;
- банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашыл қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.
Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар еліміздегі сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс ез кезегінде банк менеджменттің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілет мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секгорды инвестициялауда, ақша айналымын үйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсуде.
Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгей жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек.
Бұл жауапкершілік «Ақша,неие, банктер» пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
Бұл пән демократиялық
құқықтық мемлекеттің қажеттіліктеріне, сондай-ақ қылмыстық құқық пен оны
қолдану практикасына сәйкес дамып келе жатқан арнайы бөлімнің қылмыстық құқық
ғылымының теориялық ережелерін зерттеуді қамтиды. Сондықтан олардың мазмұны
толығымен қолданыстағы қылмыстық заңнаманың тұжырымдамалық мазмұнына және
тұтастай құқықтық саясаттың маңызды элементі болып табылатын мемлекет тарапынан
жүзеге асырылатын қылмыстық саясатқа негізделген.
Курс «Налоги и налогообложение» является дисциплиной для обучающихся по экономическим образовательным программам.
Курс «Налоги и налогообложение» подразумевает изучение сущности и видов налогов и других обязательных платежей в бюджет, определение содержания налоговой системы, налоговой политики и налогового механизма.Жас ұрпақты тәрбиелеуде – тарих пәні оқытушыларының жүгі де ауыр. Сондықтан да «Қазақстанның орта ғасырлар тарихы» пәні – Түркі қағанаты құрылған ҮІ ғасырдан ХҮІІІ ғасырдың басына, яғни «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғаларына дейінгі ата-бабаларымыз жүріп өткен жолының негізгі тарихи кезеңдері мен оқиғаларын студент жастарға оқыту және саналарына сіңіру.
Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, нақ сол қоғамға жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.
Пәннің бағдарламалық мазмұны төрт модульге бөліп қарастырылған.Ұсынылып отырған курс қоғамдық-гуманитарлық бағытында білім алатын 1-курс студенттеріне (Негізгі орта білім базасында)арналған.
Курстан студенттер қазақ әдебиеті классиктерінің өмір жолы мен шығармашылықтары туралы негізгі мәліметтерді меңгереді. Сонымен қатар қазақ жазушыларының адамзат тарихымен тығыз байланысты көркем шығармаларынан туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танып, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтырады, жетілдіреді. Көркем туынды эстетикалық талғамдарын байытады және әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландырады.
Қазақстан Республикасының
қылмыстық-процессуалдық заңының барысы қылмыстарды тез және толық ашу жолдарын,
оларды жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуын және әділ сот
талқылауын және қылмыстық құқықты дұрыс қолдануды зерттейді. Сонымен қатар,
курста теория мен тәжірибе қатынасы сияқты тұжырымдама бар.
Физиканы оқыту процесінде зертханалық жұмыстарды жасау теория мен практиканы байланыстырушы ретінде қарастырылады. Зертханалық жұмыстарды орындау білім алушылардың эксперименттік және практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, білім алушылардың танымдық қабілеттерін, әрі белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады.
Ұсынылып отырған курста дәстүрлі оқыту әдістері мен ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру әдістері келтірілген.
Курс мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі мектептің физика курсы бойынша әртүрлі формалы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуге дайындау.
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Болашақ математика пәнінің мұғалімі дидактиканы, тәрбие теориясын, педагогикалық психологияны жетік меңгеруімен қатар, мектеп математика курсының оқу материалдарын терең білуі және олардың теориялық негіздемелерін игеруі қажет. Төменде осы талаптарды қанағаттандыратындай ЖОО-да базалық «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу - әдістемелік кешенін 6В01501- «Математика» мамандығының білімгерлеріне және жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынамыз.
The discipline "Information and communication technologies» is an integral part of modern higher education. Necessity of teaching this subject in that extent, dictated by the demands of modern technological development of society. Modern individuals should know the conditions and prospects of development of information processing means.
The most important methodological principles of information and communication technology is the study of objects and phenomena of the world in terms of data collection, processing and delivery of information about them, as well as a certain similarity of these processes in their implementation of artificial and natural systems. Program content of discipline is distributed in four modules.Азаматтық құқық жеке құқық саласында орталық орынға ие және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1 бабында сипатталғандай, реттеу пәніне тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар жатады.
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі шарттан және шарттан тыс туындайтын міндеттемелердің жекелеген түрлерін құқықтық реттеуге арналған. Азаматтық кодекстің ерекше бөліміндегі азаматтық-құқықтық міндеттемелерді шартты түрде келесідей төрт топқа жіктеуге болады:
1. мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, сатып алу сату, айырбас, сыйға тарту);
2. мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, мүлік жалдау, лизинг, прокат);
3. жұмысты атқару жөніндегі міндеттемелер (мердігерлік шарты);
4. қызмет көрсетуге байланысты міндеттемелер (мысалы, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы, сақтандыру, сақтау).
Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерден тыс АК ерекше бөліміне келесілер енеді: зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме, интеллектуалдық меншік құқығы институты, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық (өз алдына жеке пән болып табылады).Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Осындай банк секторының бірі Private banking - ірі жеке капиталы бар VIP-клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған банк бизнесінің салыстырмалы түрде жаңа бағыты. "Private banking" ұғымын аудару өте қарапайым: "Банктің ауқатты жеке тұлғаларға жеке қызмет көрсетуі".
Private Banking - инвестициялық және ұсынымдық сипатта бай және дәулетті сегменттеріне қаржылық қызмет ауқымын қамтамасыз ету арқылы олардың қолма-қол ақша сақтауға және арттыру мақсатында жинақ клиенттер, жеке тұлғалардың әл-ауқатын кәсіби басқару. Осы бағыттағы даму әлеуеті Private Banking қызметтері банктік құпияны қамтамасыз етеді. «Private Banking» пәні 5В050900 - «Қаржы»бакалаврларын даярлау бағытында оқитын студенттер үшін арнайы пән болып табылады. «Private Banking» пәні банк саласындағы қызметті жүргізуді оңтайландыру процестерін зерттеуді көздейді.
Ұсынылып
отырған курста өз пәні,
терминологиясы мен зерттеу әдістері бар үш ғылыми пәннің – әлеуметтану,
саясаттану, мәдениеттану дәрістері жинақталған. Әлеуметтік-саяси білім
«әлем-адам» арақатынас мәтінінде объективті және субъективті процестерді
қарастырады. Бұл білім қоғам мен адам дамуының негізгі процестерін білу үшін
қажетті белгілі бір үлгілерді, механизмдерді және фактілерді қамтиды. Осы
ғылыми пәндер арасындағы өзара әрекеттестік принциптер мен ақпараттың
бірін-бірі толықтырылуына, интеграциялануына және зерттеу тәсілдерінің
әдіснамалық тұтастығына негізделеді.
Философияның қазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісі - адам және оның табиғат пен қоғаммен арақатынасы - аркылы анықталады. Философия адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.
«Философия» пәнінің жаңартылған жалпы білім беру мазмұны студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.
The course “Word formation of the English language” is one of the branches of Linguistics, and aimed at developing in students’ awareness of the dynamic nature of words, their meanings and their many users. It deals with the basics of word formation and on through how words have meanings. Also, relationships with other words are considered as well, how they inter-relate with grammar, how they attract one another and gather in groups like collocations or multi-word items. The operation of words in spoken and written texts is another point of consideration.
The course “Word formation of the English language” has been structures around four modules. Each module consists of three-four main topics and they divided into several sub-topics. Module 1 starts with the forms of the words, major and minor types of word production, affixation, and pronunciation. Module 2 looks at how the words have meanings, the notion of words having more than one meaning, connotative and denotative meanings. Module 3 focuses on multi-word items: collocations, phrasal words, idioms and lexical chunks. The module is about how two or more words occur together and their meanings. Module 4 introduces word relations: grammatical relationship, sense relationship and hierarchical one.Методика
развития речи как учебная дисциплина состоит в кругу тех дисциплин, которые
составляют основу профессионально-образовательной программы подготовки
специалиста дошкольного профиля. Это объясняется социальной значимостью речи,
ее ролью в системе высших психических функций, в становлении и развитии
личности.
Курс теории и методики развития речи является одним из основных в подготовке специалистов дошкольного профиля. Главной целью его изучения в вузе является формирование у студентов глубокого понимания лингводидактических и психофизиологических основ обучения родной речи и вооружение их эффективными методами и приемами работы с детьми. В процессе изучения курса развиваются методическое мышление, способность правильно оценивать реальные педагогические ситуации, применять теоретические знания в разных условиях.
Курс включает теоретические основы методики: показано ее своеобразие как научной дисциплины; рассматриваются предмет, содержание, связь со смежными науками, методы исследования, а также краткая история развития методики, становление методики развития речи в разные исторические периоды. Особое внимание уделяется современному состоянию методики как науки, раскрытию ее научных основ и важнейших проблем. С этих позиций дается характеристика цели, задач, содержания, методов и форм организации работы по развитию речи детей в дошкольных учреждениях.
Далее следуют все методические темы. В них раскрыты особенности становления связной речи, словаря, грамматического строя, звуковой культуры речи. На этой основе определяются задачи, содержание, методы и формы работы по развитию речи детей в дошкольном учреждении.
При изучении курса методики применяются различные формы учебной работы: лекции, практические и лабораторные занятия. Изучение методики тесно связывается с практикой в дошкольных учреждениях, где студенты получают навыки теоретического анализа работы воспитателя, овладевают активными формами работы по развитию речи детей, учатся применять полученные знания.
«Екінші
шет тілінің сөйлеу және жазу тәжірбиесі (неміс тілі)» таңдау курсы –
сөйлеу, фонетика, сөздік қорын қалыптастыру, сөйлеу және жазудағы грамматикалық
дағдыларды жетілдіру. Ауызша және жазбаша дағдыны дамыту. Курстағы шет тілін
түсіну үшін студенттердің оқу материалдарын қолдану. Сөздік және грамматиканы
пайдаланып диалогқа кіру. Сөзде және жазуда алынған ақпаратты ұсыну мүмкіндігі.
Пәнді оқыту барысында студенттер әдебиеттануға кіріспе, қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, дәстүр және жалғастық, өзара байланысын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, әр кезеңдегі әдебиет өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларының тақырыптық- мазмұндық, көркемдік - эстетикалық қырларыман танысып, олардың ұлттық рухани мұраларына назар аударады, сол арқылы осы уақытқа дейін алған білімдерін тереңдетеді. Осы пәнді оқыту барысында студенттерге сол кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселе жайында әр кезде қалыптасқан түрлі дұрыс-бұрыс түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады. Осы дәуірді қамтитын қазақ әдебиеті қилы саяси-әлеуметтік, қоғамдық оқиғаларды бастан кешті. Соған қарамай дарынды жазушылармен толығуы, жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, кемелдену процесін бастан кешірді, тақырыптық жағынан да белгілі шығармалар шоғыры туды.
Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, тақырыптарына қазақ жазушылары, ақындары дендеп барды. Көркемдік салада да айтулы табыстарға қол жеткізілді. Пән мазмұнында халықтың рухани қазынасының баюына айырықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы ақын-жазушылары С.Сейфуллин, М.Жұмабааев, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, И.Байзақов, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Аманжолов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т. б. шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалынып, шынайы баға беріледі.
Екінші шетел тілінде (қытай тілі) оқытудың бірінші оқу жылында сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің негіздері қалыптасады. Бірінші оқу жылының тілдік материалы жиі қолданылатын фонетикалық(шыңму,юнму,тондар, бихуа бишундер,),лексикалық және грамматикалық құбылыстарды, әр түрлі сөз тіркестерін және клишелерді қамтиды. А1 деңгейіне сәйкес білімгерлер өздері туралы немесе өздеріне қажетті мағлұматтарды алу үшін қолданылатын қарапайым сөз тіркестерін, сөйлемдерді меңгереді. А2 деңгейі білімгерге жеңіл грамматикалық құрылыстарды, жаттаған сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, оңай тақырыптарда қысқаша сөйлеуге өзі жайында, күнделікті сабақтары жайында айтуға, өтініш білдіруге, сұрақ қоюға, сонымен қатар, өзі және басқалар туралы айтуға, олар не істейтіні, қайда тұратыны, нелері бар екені жайлы хабарлауға мүмкіндік береді.
Бастапқы деңгейдегі екінші шетел тілінің тілдік төрт әрекетін (тыңдалым,оқу,жазу,сөйлеу) меңгерген; оқытудың осы кезеңінде қамтылатын А1 және А2 деңгейіндегі базалық лексикалық және грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе біледі.
6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында орыс тілінде оқитын студенттерге арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәніне
Қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым, естілім түріндегі коммуникативтік қарым-қатынас дағдылары мен машықтарды дамыту, дене шынықтыру, спорт саласы глоссарийін еркін қолдану, әдеби тілдің нормаларын және кәсіби қызметтің феномендерін бейнелейтін арнаулы мақсаттарға арналған тілді игеру.
-студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті
кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;
-кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық
құзыреттерін жетілдіру.
Дене шынықтыру және спорт мамандығында оқытылатын биомедициналық пәндер кешенінде спорттық медицина ерекше рөл атқарады. Медицина-бұл ғылыми білім мен практикалық қызмет жүйесі, оның мақсаты денсаулықты нығайту және сақтау, ауруларды емдеу және алдын алу, адамдардың өмірін ұзарту болып табылады.
Спорттық медицина-бұл дене шынықтыру мен спорттың әсеріне байланысты дененің денсаулығын, физикалық дамуын және функционалды мүмкіндіктерін зерттейтін медицина саласы.
Спорттық медицина сонымен қатар дене шынықтыру ғылымының имманентті бөлімі болып табылады, бұл халықтың әртүрлі контингенттері үшін оңтайлы қозғалыс режимдерін, спорттық жаттығулар мен спорттық шеберлікті арттыруға көмектеседі.
Спорттық медицинаның негізгі мақсаты-адамның үйлесімді дамуы, денсаулығын сақтау және нығайту, жұмыс қабілеттілігін арттыру және өмірдің белсенді, шығармашылық кезеңін ұзарту үшін дене шынықтыру және спорт құралдары мен әдістерін ұтымды пайдалануға жәрдемдесу.
Оқу процесін жоспарлау және түзету бойынша жаттықтырушы мен дәрігердің бірлескен жұмысы, жаттықтырушының күнделікті жұмысында медициналық бақылау деректерін пайдалану мүмкіндігі сабақтардың дұрыс ұйымдастырылуы мен тиімділігінің маңызды шарты болып табылады. Спорттық медицина-бұл жаттықтырушының кәсіби дайындығына тікелей кіретін спорт ғылымының медициналық және биологиялық бөлімі болып табылады.
Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы.
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
Ежелгі әдебиет” (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), “Қорқыт” (VIII ғ.) және “Оғыз-наманы” (IX ғ.) атаймыз.
Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) “Кодекс куманикус”, “Махаббатнама”, “Жүсіп-Зылиха”, “Гүлстан”, “Домбауыл”, т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.
Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.
Әдебиетті оқыту әдістемесі – күрделі ғылым. Оқыту
заңдылықтарын қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық
заңдылықтарын қарастыратын психологиямен, көркем әдебиеттің даму заңдылықтарын
қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей қатысады,
жетістіктеріне сүйенеді, алайда өзіндік міндеттерін көздейді. Әдебиетті оқыту әдістемесі – адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты
ғылым. Ал адамтану, адам қалыптастыру қоғамдағы ең
маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық
негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан басқа әлеуметтану, қоғамтану
ғылымдары да кіреді.
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» пәні заңи жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті оқу пәндерінің бірі болып табылады. Азаматтық құқық ұлттық құқық жүйесінде қазақтандық жеке құқықтың түбегейлі негіздерін айқындап қана қоймай, кәсіпкерлік қызметті іске асыру нәтижесінде, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. айналымын азаматтық-құқықтық реттеу нәтижесінде қалыптасатын кең көлемдегі мүліктік және жеке мүліктік емес қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке құқықтың «конституциясы» болып табылады. |
Кәсіпкерлік құқық пәні
кәсіпкерлік құқық теориясының аса маңызды мәселелері қарастырылған. Атап айтар
болсақ: кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде, Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет
ұғымы, кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бірлестіктері,
кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел түсінігі, түрлері, кәсіпкерлік құпия және оны
қорғау тәсілдері, кәсіпкерлік қызметтегі
мүліктің құқықтық режимі, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу,
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі
бағыттары мен түрлері, кәсіпкерлік қызметтегі шарттар,
инвестициялық
қызметті мемлекеттік қолдау,
сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу, бәсекелестік құқық негіздері,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау
нысандары мен тәсілдері, кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауаптылық туралы
қарастырылған.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәні барлық құқықтану мамандығы бар жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті және негізгі пән болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген азаматтық істерді қарау және шешу ережелерін білместен, юриспруденцияның маманы болу мүмкін емес.
Бұл оқу курсы соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру тәртібін, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық санаттарды, ғылыми көзқарастарды және тұжырымдарды реттейтін құқықтық нормаларды оқып-үйренуге бағытталған.Психология
обладает особыми качествами по сравнению с другими научными дисциплинами. Как
системой знаний ею владеют немногие. Однако с областью явлений, изучаемых этой
наукой, сталкиваются все: она представлена в виде наших собственных ощущений,
образов, представлений, явлений памяти, мышления, речи, воли, воображения,
интересов, потребностей, эмоций, сновидений. Курс «Психология развития»
вооружает студентов знаниями, умениями, навыками необходимыми для
профессиональной педагогической деятельности. Будущему учителю важно понять,
что хотят, что могут окружающие его люди, как ориентироваться в особенностях
личности, мотивах поведения, памяти и мышления, характера и темперамента.
Программное содержание дисциплины "Психология" распределено в четырех модулях.
Курс «Психология» направлен на становление у студентов профессиональных знаний, интереса к специализации в области практической психологии.
Исследование – процесс и результат научной деятельности, направленный на: получение новых знаний о закономерностях образования, его структуре и механизмах, содержании, принципах и технологиях, теории и методике организации учебно-воспитательного процесса, научной работы.
Знания – отражение человеком объективной действительности в форме фактов, понятий и законов науки. Знания дифференцируются на методологические и нормативные, общетеоретические (психолого-педагогические), организационно-технологические, конкретно-должностные.
Этапы формирования знаний: а) осмысление; б) запоминание; в) восприятие; г) применение на практике. Знания – результат разнообразного и прежде всего творческого труда. Знания учащихся – мера труда учителя.
Содержанием знаний являются: представления, понятия, законы, теории, в которых отражаются объективная действительность
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында қашықтан білім беру технологиялары қолданылады. Оқу процесін ұйымдастыру формасы бағдарламаның мазмұнын және оқу жоспарларын құрудың модульдік принципіне негізделген.
«Инклюзивті білім беру» пәні «Білім» тобындағы білім беру бағдарламасы/педагогикалық мамандықтар бойынша ҚР инклюзивті білім беру жүйесі және жалпыға білім беру процесіне ерекше қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктері және оларды оқыту үрдісіне, әлеуметке бейімдеу жолдарымен таныстыруды көздейді.
Важнейшее прикладное значение начертательной геометрии как учебной дисциплины состоит в том, что она учит владеть графическим языком, выполнять и читать чертежи и другие изображения геометрических объектов. Она обеспечивает преемственность между школьными курсами геометрии и черчения и графическими дисциплинами вуза. Начертательная геометрия является лучшим средством развития пространственного мышления, без которого немыслимо никакое общение между людьми на уровне чертежа, рисунка - гениального изобретения человеческой мысли, - понятному любому человеку. Развитие пространственного воображения пробуждает эстетическую и художественную сторону мышления, что является мощным фактором в творческом процессе развивающей личности.