«Жалпы экономикалық география» курсы табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау, аумақтың табиғи-ресурстық әлеуетін,табиғи ресурстарды өңдеу технологияларын, орталықтары және дайын өнім түрлерін, экономикалық инфрақұрылымның құрамдас бөліктері мен атқаратын қызметтері, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларын ұйымдастыру нышандары.ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларын орналастыру факторларын географиялық еңбек бөлнісі, қазақстанның халқы мен еңбек қорлары, Қазақстанның шаруашылығынгның салалық құрамы, халықаралық қатынастардың негізгі нышандары, қоғам мен табиғи ортаның өзара қатынасының нәтижесінде туындаған келелі мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы теориялық түсініктерді қалыптастыратын география пәні мұғалімдері білімінің мазмұнында жетекші орын алатын негізгі пәндердің бірі болып табылады. Студенттерге сала аралық өндірістік байланыстардың негізгі нышандары мен орналастыру қағидалары, елдің дамуына әсер ететін факторлар туралы экономикалық білім жүйелерін меңгертудің әдіснамалық негіздері дәрістерді тыңдау, оларға талдау жасау барысында жүзеге асады. Оқу үрдісінде экономикалық-географиялық білім мен іскерлік-дағдылар өздік жұмыстар барысында оқытылатын әр тақырыпқа студенттердің өз бетімен көрсету құралдарын, хабарламалар мен баяндамалар, жобалар дайындау, статистикалық және графиктік кестелерге, экономикалық карталарға талдау жасап ой қорытындыларын шығару барысында қалыптасады. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бес модульге бөлінеген