Курс адами ресурстарды басқарудың жүйелік идеясын қалыптастырады, оның ішінде қазіргі ұйымдағы персоналды басқарудың мақсаттары, құндылықтары, принциптері мен тетіктерін түсіну, ұйымның жедел және стратегиялық мақсаттары мен корпоративтік мәдениетіне сәйкес келетін адами ресурстарды басқарудың стратегияларын, саясаттары мен тәжірибелерін дамыту мүмкіндігі мен дағдылары қарастырылады

Мақсаты: Курстың мақсаты-қоғамның, кәсіпорынның, әр қызметкердің еңбек әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында білімгерлерді  персоналды басқару мәселелеріне теориялық білім мен практикалық кешенді көзқарасты игеру. Адами ресурстарды басқарудағы заманауи тенденциялар туралы білім алу, ұйымның персоналды басқару саласында шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Қазақстанда және шетелде персоналды басқаруды қалыптастырудың теориясы мен практикасын білу.