6В01505 - «Информатика»,  6В01502 - «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының ИКқ131, МИқ131 топ студеттеріне.
Осы пән шеңберінде бастауыш сыныптардағы ақпараттық-коммуникациялық технология мазмұны, оның ішінде оқытуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар, сондай-ақ бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемелері зерделенеді. 
Бұл пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектеп информатикасының негіздері мен ұғымдарын ұсыну, бастауыш мектепте басқа пәндерді оқып-үйрену кезінде цифрлық сауаттылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытуды ұйымдастыруда қажетті біліммен, іскерлікпен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. «Цифрлық сауаттылық» пәні бастауыш сынып оқушыларды нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру мен қолдануды мақсат етеді.  Пән өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруы.
«Цифрлық сауаттылық» пәні бастауыш сынып оқушыларын  компьютермен жұмыс істеу барысында  техникалық қауіпсіздік ережесін,  ақпараттық іс-әрекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталады. Айналадағы қоршаған ортадағы ақпарат көздерін, түрлерін  анықтайды;  компьютер  құрылғыларын біледі және олармен жұмыс жасайды;  ғаламтор желісінен қажетті ақпаратты өздігінен іздеп табады, оны өңдейді және ақпарат алмасуды біледі; цифрлық технологиялардың ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жасайды; мәтіндік редакторда мәтін жаза алады; программалау ортасында жобалар құрады;  робот жобаларын құрастырады; мәтінді редакциялаудың түрлі тәсілдерін қолданады; өзі қызығатын тақырыпта зерттеу жүргізіп, презентация жасайды; компьютерде жоба дайындап, оны көпшілікке ұсынуды,  қорғау тәсілдерін меңгеруді үйретеді.