author

Компьютерлік графика негіздерін теориялық зерделеу және практикалық игеруді, графикалық ақпаратты өңдеу бойынша компьютерлік технологияларды оқытуды қарастырады, өйткені ақпараттық технологиялар саласындағы қазіргі маманның кәсіби қызметі графикалық ақпаратты компьютерлік өңдеудің түрлі әдістерін практикада кеңінен қолданумен байланысты. Векторлық және расторлық графика – программалық және аппараттық есептеу комплекстердің көмегімен бейнелерді құру және және өңдеу әдістері мен құралдарың зерттейтін информатиканың арнайы аумағы. Жалпы, компьютерлік графиканы тек мамандандырылған суретшілер мен дизайнерлер ғана емес, кәдімгі қолданушыларда пайдалана алады. Ол үшін векторлық және расторлық графика құралдарын біліп, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу керек. Пәннің программалық қамтамасыз етілуі төрт модульге бөлінеді.

Пәннің мақсаты.

Пәннің негізгі мақсаты заман талабына сай дамыған графиктік жүйелерді, графиктік программаларды және анимацияларды үйрету болып табылады