author

Пәнді оқыту болашақ тәрбиешінің бала тілін дамыту бойынша теориялық біліммен қаруландырып, практикалық тұрғыда әдістемелік дағдыларға машықтандыру мақсатын жүзеге асырады. Мазмұнында бала тілінің туғаннан мектеп жасына жеткенге дейінгі даму сатыларында тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін бұрыннан анықталған және жаңамен толықтырылған ғылыми жүйе сақталған. Курс мектеп жасына дейінгі балаларға тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін  

қолданып, балабақша  тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы. Курс балалардың сөйлеу тілін дамытудың жеті міндеті, сөздік қорды, тілдің дыбыстық, грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеу, сауат ашу, көркем шығармалармен таныстырудың дәстүрлі және жаңа технологияларын қамтиды.