author

Оқу бағдарлама бойынша «Дефектология негіздері және психопатология» курсы «Арнайы педагогика» бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған. «Дефектология негіздері және психопатология» курстың ішінде психикасының немесе дене құрлысының ауытқулықтары бар балаларды оқыту-тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары және психопатологиялық синдромдардың ерекшеліктері қарастырылады.

Қазіргі уақытта ҚР - ғы негіздеме арнайы мектеп жүйесі жалпы мектептің міндеттерімен бірге арнайы міндеттерді шешеді, ол баланың танымдық және тұлғалық дамуына түзету жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай құрады. Берілген бағдарлама қазіргі уақытта жұмыс істейтін арнайы оқыту жүйесімен, оны қажет ететін балалардың оқыту және тәрбиелеуде арнайы білім беретін мекемелерде арнайы мамандардың дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысымен таныстырады.

Осы курста оқу курсының объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері анықталған, коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары және мазмұны, мәні сипатталған, түрлі психофизиологиялық ауытқулары бар балалардың ерекшеліктері аталған.