Биологияны оқыту процесін ұйымдастырудың маңызды аспектілерін қарастырады және мектептегі биологиялық білім беру міндеттерін ескере отырып өзектілендірілген әдістемелік білім негіздерін қамтиды. Осы пәннің негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, студенттер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдарымен танысатын болады. Мұндай жұмыс тыңдаушылар пәнге енгізілген оқыту мен оқудағы стратегиялар мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.