Биогеография пәні 6В01509-География білім беру бағдарламасының білім алушыларына жер бетінде флора мен фаунаның,  биоталардың, биоценоздың қлыптасуы мен таралу заңдылықтарын, ареалдарының шекараларын, өсімдіктер мен жануарлар патшалықтарының таксаномиялық бірліктерін, зоналық таралу ерекшеліктерін білімгерлерге меңгертуді көздейді.

Пән бір-бірімен өзара байланысқан бірін-бірі толықтыратын  төрт модульге бөлінеген. 

Бірінші модульде пәннің зерттейтін тысандары, өсімдіктер мен жануарлардың таралған ареалдарының шекарасы қарастырылады.

Екінші модульде мәдени өсімдіктердің қалыптасқан орталықтары, флора мен фаунаның геологиялық уақыт ішіндегі даму тарихы, флоралық аудандастыру   әдістері қарастырылады.

Үшінші модуль фауналық аудандастыру қағидалары, жануарлар патшалықтарының облстары мен облс тармақтары биомдардың зоналық таралу ерекшеліктерін зерделеуді көздейді.

Төртінші модульде флора мен фаунаның жер бетінде зоналық таралу ерекшеліктері,  адамның шаруашылық әрекетінің флора мен фаунаға әсері және оларды қорғау мәселелері зерделенген.