Қысқаша сипаттамасы: Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі оқу процесін жобалауға және іске асыруға шығармашылық және кәсіби тұрғыдан қарауға қабілетті құзыретті бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға ықпал етуге арналған пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәннің ерекшелігі оның тәжірибеге бағытталған сипаты болып табылады, сондықтан әртүрлі жұмыс түрлерінің технологиясы бойынша практикалық сабақтарға басымдық беріледі.

Пәннің мақсаты: білім алушыларды әртүрлі материалдармен және бұйымдар жасау техникасымен жұмыс істеуге, сондай-ақ бастауыш мектепте еңбекке баулу сабақтарын әзірлеуге, дайындауға және өткізуге дайындау.

Оқыту нәтижелері:

ОН 01 - бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін білу;

ОН 02 - мектепке дейінгі, бастауыш мектеп және жасөспірімдер жасындағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын жүзеге асыра отырып, бастауыш білім берудің барлық кейінгі білім берудің негізі ретіндегі ерекшелігін, құндылығын білу;;

ОН 03 - оқыту мақсатын айқындау, мазмұнын іріктеу және жалпы мақсатты анықтау үшін оқу-әдістемелік материалдарды талдай білу; бастауыш сыныптар бағдарламасында ұсынылған мазмұндық-әдістемелік желілер материалдарын зерделеу технологияларын жобалау және жүргізу; инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік және әдістемелік қызметті орындау;;

ОН 04 - ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгере отырып, осы саланың озық жетістіктеріне негізделген ақпараттық технологиялар туралы білімді пайдалана білу;

ОН 05 - ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмысты жоспарлай білу;

ОН 06 - оқу-тәрбие процесін жоспарлау кезінде шағын жинақты мектептің педагогикалық процесін ұйымдастыру теориясы мен оқыту әдістемесін талдай білу;

ОН 07 – бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдана білу;

ОН 08 - оқушыларда арнайы, технологиялық дағдылар мен әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру;