Мақсаты:

«Экологиялық мониторинг» пәнін оқытудың мақсаты болып студеттерді экологиялық болжауларды негіздеуде және нақтыландыруда қоршаған орта жағдайы және оның компоненттері туралы ақпараттар алу үшін экологиялық зеттеулердің басты қағидаларымен таныстыру, студенттердің экологиялық санасын тәрбиелеу және өмір сүрудің таза ортасын сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру болып сналады.

Қысқаша сипаттамасы:

Қазіргі кезде табиғи ортаның сапасын бағалау үшін экологиялық және биологиялық мониторинг кеңінен қолданылады. Бұл осы кездегі техногендік ластануға қатты ұшыраған жер беті және сулы экожүйелердің жағдайларын тиімді бақылауға  мүмкіндік береді. Соңғы он дылдар ішінде бүкіл әлемде адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаны шаруашылық әрекеттердің жағымсыз салдарынан қорғау мәселесі тікелей қойылып отыр. Биосфера жағдайы антропогенді факторлар әсерінен өте тез өзгереді. Антропогенді өзгерістерді табиғи ахуалда анықтау үшін жергілікті, аймақтық ғалами масштабында табиғи компоненттердің өзгерістерін арнайы бақылауды ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Қоршаған табиғи ортаның жағдайы және оған ықпал ететін антропогенді әсердің сипаты туралы объективті сапалы және санды ақпарат алу – қоршаған орта жағдайын бақылау және бағдарлау жүйесін, яғни қоршаған табиғи орта мониторингі жүйесін құруды ұйымдастыруды талап етеді. Биосферадағы антропогенді өзгерістер мониторингі – биосфера жағдайын, осы жағдайды бағалау және оны болжау, антропогенді әсердің қоршаған ортаға ықпалының мөлшері, факторлы, көздерін және осындай әсер дәрежелерін анықтау мәселелері кіретін көп мақсаттағы ақпаратты жүйе болып табылады.