picture  

picture

  Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәні барлық құқықтану мамандығы бар жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті және негізгі пән болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген азаматтық істерді қарау және шешу ережелерін білместен, юриспруденцияның маманы болу мүмкін емес.

Бұл оқу курсы соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру тәртібін, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық санаттарды, ғылыми көзқарастарды және тұжырымдарды реттейтін құқықтық нормаларды оқып-үйренуге бағытталған.