Пәннің қысқаша сипаттамасы: Органикалық қосылыстардың негізгі кластары, олардың құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, алыну әдістері және химиялық реакцияларға қатысатын бөлшектердің реакцияға қабілеттілігінің пайда болу әдістері қарастырылады

Пәннің мақсаты: Студенттерді органикалық қосылыстардың жіктелуімен, құрылысы және қасиеттерімен, органикалық реакциялардың механизмімен, органикалық заттардың арасындағы генетикалық байланыспен таныстыру.

Оқыту нәтижелері: Органикалық заттар жайлы ұғымдарды, олардың құрылымдарын, қасиеттерін сипаттай біледі. Заттарды сандық және сапалық құрамын анықтау әдістерін қолданады. Органикалық реакцияның негізгі жүру механизмін талдап, бағалайды, органикалық қосылыстарды синтездейді.