Пәннің қысқаша сипаттамасы: Мектепке дейінгі баланың еңбек тәрбиесі пәні бойынша теориялық материалдарды оқуға, бейнелеу өнерінің практикалық құралдарымен студенттерді таныстыруға, мектеп жұмысының тәжірибесінде бастауыш сынып оқушыларының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әдістер мен принциптерді анықтауға және тексеруге мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты: студенттерді мектепке дейінгі баланың еңбек тәрбиесіне беруге даярлау, оларда бейнелеу білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
- студенттерді өнер және өнердің пайда болуы, материалдарды көркем өңдеуге тарихи кезеңдердегі наным-сенімнің ықпалы, ежелгі мәдени ошақтардағы және орта ғасырдағы, өрлеу дәуіріндегі Европа өнері түрлері, мәдениеті туралы теориялық мағлұматтармен таныстыру;
- материалдарды көркем өңдеудің негіздері, өнер кәсіптегі және қолданбалы өнер мамандарының түрлері бойынша мағлұматтар беру;
- мектеп қабырғасындағы оқушыларды қолөнерге баулуға материалдарды көркем өңдеудің теориялық мағлұматтарын тәжірибеде жүзеге асыруда ептіліктерді игеруін қамтамасыз ету;
- өнер, қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер ұғымдарының мәнін ұқтыру,
- материалдарды көркем өңдеудің негізгі түрлерімен және заңдылықтарымен таныстыру.
Оқыту нәтижелері:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу заңдылықтарын меңгереді;
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу процесінің мазмұнын жоспарлай алады;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу пәні бойынша материалдарды іріктеуді және біріктіруді біледі;
4. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу пәнін оқыту принциптері, әдістері және технологиялары жайлы біледі;
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың инновациялық технологияларын меңгерген;
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу пәнінен алған теориядан алған білімдерін кәсіби іс-әрекетінің түрлі аспектілерін талдауда қолданады;
7. Оқыту мен тәрбиелеудің техникалық құралдарын, практикалық тапсырмаларды орындауда пайдалана біледі;
8. Қажетті дидактикалық материалдарды өз бетінше дайындауды меңгереді.