Оқытудың мақсаты мен міндеттері:

Оқытудың мақсаты: Биологиялық, химиялық, физикалық және психофизиологиялық факторлар есебімен өндірістік санитария мәселелері бойынша теориялық және тәжірибелік даярлау.     

Өндірістік санитарияны оқытудың міндеттері:

1)      өндірістік санитария мәселелерін қарастыру;

2)      биологиялық, химиялық, физикалық және психофизиологиялық факторларды талдау;  

3)      өндірістік санитария шараларын, микроклиматты зерттеу.

Оқыту нәтижелері.

Білім алушылар:

- қолайлы еңбек жағдайларын жасауды, ұжымның денсаулығын және еңбекке қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуін біледі;

- санитарлы-гигиеналық және емдеу алдын-алу шараларын әзірлеу мақсатында қоршаған ортаның және еңбек процесінің жұмыс істейтін адамдардың организміне әсерін талдайды;

- адамдармен қоршаған орта үшін қауіптілік дәрежесін талдау есебімен өндірістік санитария қөзқарасынан зерттелетін объектілерді сараптық-аналитикалық бағалайды.