Халықаралық туризм географиясының әлемдік көрінісі, оның жекелеген елдер мен аймақтардағы дамуы туралы тұтас көзқарасты қарастырады. Ол студенттерде халықаралық туризм географиясының салалық және кеңістіктік құрылымы, оның аумақтық даму тенденциялары мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент халықаралық туризм географиясының тұрақты дамуын және туристік ағындардың негізгі бағыттарын бағалау әдістемесін меңгереді.

Пәннің мақсаты – келу және шығу халықаралық туризм технологияларының ерекшеліктері, әрекет ету қағидаттары және туристік қызмет шеңберінде шетелдік клиенттің қажеттіліктерін сервистік қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру.

Оқыту нәтижелері:

ОН 1 – Халықаралық туризм мен қонақ үй бизнесінің даму тенденцияларын анықтау үшін туризм теориясы мен әдіснамасының негіздерін, халықаралық конвенциялар мен ЮНВТО құжаттарының ережелерін білуді қолдану;

ОН 2 – Туристік қызмет көрсету жүйесінде өндірістік, шаруашылық, көлік және логистикалық, анимациялық қызметті ұйымдастыру үшін заманауи озық автоматтандыру технологияларын пайдалану;

ОН 3 – Туристің жеке және арнайы талаптарын ескере отырып, туристік өнімнің құрамдас бөліктерін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу немесе туристердің талаптарына барынша жауап беретін туристік өнімдерді іздеуді жүзеге асыру;

ОН 4 – Туризмдегі кәсіби қызмет объектілерін жобалауды ұйымдастырудың негізгі категорияларын, элементтері мен принциптерін білу;

ОН 5 – Нарықтың қазіргі жағдайларын ескере отырып, туризм индустриясының даму процестерін болжай білу;

ОН 6 –  негізгі құзіреттіліктер: кәсіби қызмет саласындағы алғашқы білімді алу; алған білімін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын игеру.

ОН 7 – пәндік  құзіреттіліктер: кәсіби қызмет саласындағы білімді меңгеру;  қызмет барысында инновациялық өнімдерді қолдана білу; кәсіби шеберлігін жетілдіруге ұмтылу; пән бойынша бақылау-бағалау материалдарын өңдей білуге қабілетті болу.

ОН 8 – арнайы  құзіреттіліктер: кәсіби қызметте теориялық білімін қолдана білу дағдыларын меңгеру; кәсіби мамандардың тәжірибесін зерттеу, жалпылау және қолдану дағдысын игеру; стандартты емес және баламалы шешімдер қабылдай білу шеберлігін меңгеру, сыни ойлауға, идеяны жүзеге асыруда креативті тәсілге қабілетті болу; қызмет көрсету саласындағы нормативті құжаттарды меңгеру.