Салық есебі курсы – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.
Салық есебі салық төлеуші есепті (салық) кезең бойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен есептеу тәртібі туралы толық ақпаратты қалыптастырады.
Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорытындылау және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) салық Кодексінің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.
Салық есебі курсының мақсаты - студенттердің салық есебі облысындағы теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыру. Салықтық есепке алудың негізгі түсініктері, мәні, қағидалары мен міндеттерін, салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу үдерістерін, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебі және салық есебін құру туралы негізгі түсініктерді қадағалайды.
Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер мен әдістер айқындалған, олардың жиынтығы салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды. Салық құжаттамасына: есеп беруге-есептесуге арналған салық құжаттамасы, ілеспе салық құжаттамасы, салық есебінің, хабарламасының талдамалы тізілімдері жатады.
Салық есебі курсы жоғары оқу орындарының экономикалық, қаржы және есеп мамандықтарының студенттеріне арналған.