Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін бақылайды. Бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе ретінде зерттейді. Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісін сипаттайды. Бухгалтерлік баланстың мәнін, бухгалтерлік шоттардың мақсатын, олардың құрылымы мен мазмұнын ашады. Қаржылық есептілік ұғымын, мақсаттары мен түрлерін, оған қойылатын жалпы талаптарды, қаржылық есептілік элементтерін қарайды.
Пәннің мақсаты: «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін оқытудың мақсаты экономика мен кәсіпкерлік қызметтің барлық салаларында бухгалтерлік есеп теориясын терең игеруге және түсінуге көп көңіл бөліп, кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін зерттеу болып табылады.