Пәннің сипаттамасы:
«Заманауи педагогикалық технологиялар» Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мəселесі көкейкесті тақырыпқа айналды. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық, шығармашылық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, логикасы жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Ұсынылып отырған оқулық ЖОО-ындағы болашақ мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. Жаңа технологияны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану, оқушылардың шығармашылық сапа қасиеттерін дамытып, интелектуалдық пəрменділігін арттыру мақсатында пайдалануға негізделеді.
- Мақсаты: Мектептегі лицейдегі студенттердің мұғалім ретінде кәсіптік педагогикалық дайындығын басқа пәндермен қамтамасыздандыру.
- Мектептердегі оқу тәрбие процесінің болашақ мұғалімдеріне қажетті студенттердің білімін, еңбекке құштарлығын және ептілігін, кәсіптік мобильдігін қалыптастыру.
- Студенттердің шығармашылық қабілеттілігін дамыту.
- Студенттердің өз жұмыстарын жоспарлап жасалатын бұйымға техникалық құжаттарды дайындап және оларды қолдану.
- Студенттерді жаңарған жоғарғы өнімді тігін бұйымдарын өңдеу әдістерімен және тігін шеберханасында еңбекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету.
Жалпы еңбек тәрбиесін ұқыптылыққа еңбек мәдениеттілігіне еңбекқорлыққа іскерлікке қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
Мектеп және жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында көрсетілген киімдерді дайындау жөніндегі барлық жұмыстарды орындай білу керек.
Берілген модель бойынша үлгілерді жаңа технологияны, құрал-жабдықтарды саймандарды пайдалана отырып жасау керек.
Жұмыстарды техникалық шарттарды өңдеу технологиясын рационалды әдістерді пайдалана отырып орындау керек.
Тігін машиналарын, үтіктердің және басқа құрал-саймандардың техникалық күйін тексеру керек.
Тігін машиналарына жіпті орнату оның тартымдылығын реттеу машинаны тазалау, майлау және оның ұзақ ақауларын жөндеу керек.
Еңбек қауіпсіздігі электр, өрт қауіпсіздіктерінің талаптарын толық орындау керек.
Арнайы әдістемелік және анықтама әдебиеттер жұмыс жасау керек.
Көкөніс, ет және балық өнімдерін, кулинарлық өңдеудің механикалық процестерін жүргізе білу керек.
Кулинарлық өнім және тамақ дайындау жөнінде жұмысты білу керек.
Тағамдарды көпшілікке порциямен үлестіре білу керек.
Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау керек.