Автор: Исабаев Ануар Токтамысович

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Жаратылыстану-ғылыми дүниетанымның негіздерін, материяның әртүрлі түрлерін қарастырады. Қозғалыстың бір қатар формаларын қамтитын жалпы сипаттағы табиғат құбылыстарының заңды байланысын ашады. Табиғи құбылыстарға тұтас материалистік көзқарасты қалыптастырады

Пәннің мақсаты. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны  төрт  модульге бөлінеген. 
«Жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнін  оқытудың мақсаты студенттерде өзара байланысқан көп астарлы дүниедегі жаратылыстанулық үрдістерді талдау, уақыттық-кеңістіктік заңдылықтарын, концепцияларын  бағалау барысында тұрақты теориялық білімді меңгерту, алған білімді дидактикалық, әдістемелік, когнитивті    және  коммуникативті қызметінде іс жүзінде пайдалану, зерттеу   дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мәтіндерді аналитикалық өңдеудің мақсаттары мен міндеттерін біледі; деректерді жинау және өңдеу мақсатында бастапқы материалды талдау дағдыларына ие; ғылыми, ғылыми -техникалық және ғылыми -көпшілік мәтіндерге стильдік талдау жасау