Автордың тегі, аты, әкесінің аты: Исабекова Айнаш Кабуловна , білім магистрі, оқытушы-дәріскер.

Қолдану саласы

Қазіргі қоғамда өзекті міндеттердің бірі-тұлғаның икемді дағдыларын дамыту. Бұл жаңа білім беру бағдарлары мен технологияларына, білім берудегі инновациялық саясатқа көшуге ықпал етеді.

Мақсаты

Қазіргі тенденциялар мынаны анықтайды жоғары оқу орындарында алынған кәсіби құзыреттер өзектілігін тез жоғалтады және білім беру бағдарламаларының мазмұнын үнемі жаңартып отыру қажеттілігі туындайды.

Функционалдық мүмкіндіктері

Икемді дағдыларды дамыту бағытының маңыздылығы нәтижелілікте, болашақ дипломды мамандардың жеке әлеуетін жандандыруда көрінеді.

Оқу курсының қысқаша сипаттамасы:

Оқу курсының мазмұны еңбек кадрларына қойылатын талаптарға әсер ететін қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда икемді дағдылар туралы базалық білімді қалыптастыруға бағытталған.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму принципіне негізделген.

Курстың мақсаты: студенттердің практикалық психологиядағы икемді дағдыларды және олардың негізгі түрлерін дамыту туралы жан-жақты және жүйелі білімдерін қалыптастыру

Курстың міндеттері:

- пәнді оқу барысында икемді дағдылар мен олардың даму ерекшеліктерін ашу;

- әр түрлі икемді дағдыларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттердің икемді дағдыларын дамыту;

- қажетті кәсіби және жеке қасиеттерді қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері:

- кәсіби қызметтегі икемді дағдылардың әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, этика қағидаттарын сақтайды, кәсіби-жеке қасиеттерін жетілдіреді; 

- қазіргі заманғы ақпараттық ағындарды бағдарлай алады және динамикалық өзгеретін әлеуметтік құбылыстар мен процестерге бейімделе алады;

- қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы олардың рөлі тұрғысынан икемді дағдыларды көрсете алады;

- орындалатын қызметте белгілі бір икемді дағдылардың қажеттілігін сауатты және объективті бағалай алады.