Пәннің қысқаша сипаттамасы: Студенттерді мектепке дейінгі балалардың бейнелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін түсінуге бағыттайды (генезистегі шетелдік және отандық ғалымдардың көзқарастарының әртүрлілігі); бейнелеу іс-әрекеті үдерісін ұйымдастыру тәсілдерімен таныстырады; студенттердің бейнелеу өнері тілін меңгеруіне ықпал етеді.
Пәннің мақсаты: Білімгерлерді бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихының негіздерімен таныстыру; оларды мектепке дейінгі мекемедегі балалардың көркемдік тәрбиесі әдістемелеріне үйрету; білімгерлердің өз бетімен білім алуы мен біліктілігін арттыруға қажеттіліктерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
1. Балабақшада бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздерін, фундаментальды идеяларды, тұжырымдамаларды, негізгі түсініктер;
2. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларды игеру:
3. Болашақ педагог тәрбиешілерді мектеп жасына дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес, психикалық даму жайында қажетті психологиялық білім меңгеру:
4. Бейнелеу өнері дамуының заңдылықтарын меңгеру,
5. Болашақ кәсіби іс-әрекет барысында теориялық білімді қолдануда білім мен біліктілікті танытуды меңгеру;
6. Педагогикалық-психологиялық міндеттерді шешуде балалар психологиясы саласындағы білімдерді біріктіру міндеттері мен дағдыларын меңгеру:
7. Жоғары кәсіби педагог-тәрбиешінің іс-тәжірибесін, іскерлігін қолдана білу:
8. Педагог- тәрбиешінің кәсіби қызметінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі саласындағы білімді пайдалануға дайын.