Автор: Азанбекова Гульназ Турсынбековна

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Дамуында күрделі кемістігі бар балалармен педагогикалық үдерісте медициналық-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді әзірлеу мен енгізудің қазіргі заманғы тәсілдерін қарастырады. Даму бұзылыстары бар балалармен түзете-дамыту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды қарастырады.

Пәннің мақсаты:

Білім алушылар күрделі кемістігі бар балалардың дамуы пәнін оқу барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру. Күрделі кемістіктер топтамасын ажырата білу.

Курстың міндеттері:

-              Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның құрылу, даму жолдары, қысқаша тарихын қарастыру;

-              Күрделі кемістіктері бар балаларды топтастыру;

-              Күрделі кемістіктері бар балаларға түзетупедагогикалық көмек көрсетудің жүйесін айқындау;

-              Күрделі кемістіктері бар балаларың психикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру;

-              Күрделі кемістіктері бар балаларың топтары туралы білімдерді қалыптастыру.