Сапарова Ажар Қайсарқызы

Академиялық дәрежесі: экономика ғылымдарының магистрі

Лауазымы: оқытушы- ассистент

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Туроператорлық және турагенттік бизнестің дамуын қарайды; туроператорлар мен турагенттердің қызметін регламенттейтін базалық нормативтік-құқықтық актілер. Туризмнің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын келтіреді. Туристік өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерін; қызмет көрсету бағдарламасын жасау тәртібі мен негізгі параметрлерін; қызмет көрсетуші серіктестермен өзара қарым-қатынас шарттарын сипаттайды. Туроператордың қызметтерді жеткізушілермен шартқа қосымшалары туралы ақпаратты жинақтайды

Пәннің мақсаты: Туроператорлық және турагенттік қызметті ұйымдастырумен байланысты процестің мазмұны мен ерекшелігін туризм маманының кәсіби қызметінің жүйелі негізі ретінде ашу.

Оқыту нәтижелері:

ОН1- туристер мен турагенттердің құқықтары мен міндеттерін айқындау үшін нормативтік-құқықтық база негізінде туристер үшін құжаттар пакетін қалыптастыру;

ОН2- туроператорлық қызметті ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;

ОН3- туристік индустрия кәсіпорнының қызметін ұйымдастыруға кететін шығындарды есептей және бағалай білу;

ОН4- туризм және қонақ үй бизнесінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін адами ресурстарды басқару әдістерін және кәсіпорынның қызметін зерттеу;

ОН5- аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, турларды басқару саласындағы ақпаратты хабарламалардың әр түрлі формаларында ұсыну;

ОН6- пәндік құзыреттілік: кәсіби қызмет саласындағы білімді меңгеру; қызмет барысында инновациялық өнімдерді қолдана білу; кәсіби шеберлікті арттыруға ұмтылу; пән бойынша бақылау және бағалау материалдарын өңдей білу;