«Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы» таңдау курсы барлық педагогикалық пәндер үшін арналған. В001 Педагогика және психология, В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, В006 Музыка мұғалімдерін даярлау, В009 Математика мұғалімдерін, В011 Информатика мұғалімдерін даярлау т.с.с білім беру бағдарламалары таңдай алады.
Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді.
Курстың мақсаты: «Қашықтықтан оқытудың әдістемесі мен технологиясы» курсының мақсаты әдетте студенттерге қашықтықтан оқытудың тиімді болуы үшін қажетті білім мен дағдыларды беру болып табылады. Ол қашықтағы форматта білім сапасын арттыра алатын әртүрлі технологияларды, әдістемелерді және педагогикалық тәсілдерді түсінуге бағытталған. Бұған онлайн платформалар үшін оқыту стратегиялары, цифрлық құралдарды пайдалану және студенттердің дербес жұмысын қашықтан басқару кіреді.
ОН9 – Оқытудың цифрлық технологиялары мен ақпараттық қауіпсіздік технологияларын енгізе отырып, шығармашылық білім беру ортасын құру үшін пәнаралық және жобалық оқыту әдістерін қолдану.