Авторлар:
Майлыбаева Г.С. – п.ғ.к., философия (PhD) докторы, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі
Орынгалиева Ш.О. – философия (PhD) докторы
Оспанова Б.К. – философия (PhD) докторы
Мақсаты:
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін инклюзивті білім берудің қағидалары мен және философиялық,
әдіснамалық, құқықтық-нормативтік негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру,
ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға
байланысты заманауи модельдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе
аймағындағы педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқару құзіреттіліктерін
қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәнді оқу барысында білім алушы білуі керек:
- инклюзивті білім берудегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттарын; халықаралық заңдар мен ережелерді;
- инклюзивті білім беру саласындағы білім беру процестері мен жүйелерінің, педагогикалық технологиялар мен инновациялық процестердің сипаты, мазмұны, құрылымын;
- инклюзивті білім берудің және педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен перспективасын;
- инклюзивті білім беру процесінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби қызметі сипаты мен ерекшеліктерін;
- психологиялық-педагогикалық қолдау және коррекциялы-педагогикалық ықпал ету жүйесінің мазмұнын.
Іскерлікке ие болуы:
- мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және жүргізудің әдістемелік негіздерін талдау және жүйелей алу;
- баланың психологиялық және физиологиялық дамуы, оның құқықтары туралы негізгі халықаралық және ішкі құжаттарды кәсіби қызмет барысында қолдана алу;
- инклюзивті білім беру жағдайында коррекциялық және педагогикалық әсер ету бағыттарын дамудағы ерекше қажеттіліктеріне, білім беру жағдайларына, ресурстарына байланысты жобалай алу;
- білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оңтайлы әлеуметтік-экологиялық және білім беру (кәсіптік) жағдайларды қамтамасыз ете алу.
Дағды:
- кәсіби қызметте сын тұрғысынан ойлау және жазу әдістерін тиімді қолдана алу;
- медициналық-психологиялық-әлеуметтік жұмыстарды болжау және модельдеу технологияларын игере алуы;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды отбасымен және басқа мамандармен педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүргізе алу.