Мемлекет және құқық теориясы - заңтанудағы ең маңызды теориялық тұжырымдамаларды әзірлейтін, студенттерді мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың заманауи білімдерімен таныстыратын әдістемелік ғылым. Бұл пәнді оқыту барысында мемлекет және құқық теориясың негіздері оқытылады.

Курстың мақсаты: мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін айқындау, Қазақстанның билік тармақтарын түсіну - биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарын ажырату.

Курстың міндеттері: мемлекет және құқық теориясы туралы толық  мәлімет  беру, Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларда дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға дұрыс баға беру; құқықтық актіні дұрыс талқылау және қолдану дағдысын дамыту; мемлекеттің құқықтық актісіне деген құрметтеушілік қатынасты қалыптастыру және оның бұзылуына төзімділік танытпау; Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің негізін қалаушы саларымен танысу; құқықтық институттар және қазіргі кезеңдегі мемлекеттік құқықтық тәжірибесіндегі жүзеге асырылатын реттеу әдістері туралы; адам және азаматтың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын; мемлекет органдарының ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.