author

Еңбек құқығы құқықтың дербес саласы болып табылады, оның өзіндік пәні, әдісі, қағидалары бар және құқықтың басқа салаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.

Курстың оқыту пәні еңбек қатынастарымен тығыз байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық тұжырымдамалар болып табылады

Ұсынылып отырған курста еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, демалыс уақыты, жұмыс уақыты, еңбек тәртібі, еңбекке ақы төлеу, еңбек даулары, еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік қарастырылады.