Жаңа және қазіргі кезеңдегі Азия мен Африка елдерінің даму проблемаларын қарастыруға бағытталып, қоғамдық-саяси және мәдени даму тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, демократиялық қайта құрулар деңгейін ашып, отарлық жүйенің құлдырау себептерін, қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарды, постиндустриалды өндіріске өту мен ақпараттық қоғамның қалыптасуын көрсетеді.

 

Пәннің мақсаты: Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы тарихи үрдісінің аймақтық және локалды ерекшеліктерін әлемдік теориялық-әдістемелік негіздерінде зерттеу. Азия мен Африка елдерінің даму тарихының негізгі кезеңдері мен оқиғаларын, әлемдік тарихта алатын орнын айқындау.