Пәні: Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі

Қысқаша сипаттамасы: Математиканы оқыту әдістемесі курсының пәнін, міндеттерін, мазмұнын, арнайы әдістеменің даму тарихын қарастырады.  Арнайы мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың мазмұны, әдістері мен құралдарын оқытады. Оқу әдістемесін ашады: сандарды, нөмірлеуді, арифметикалық әрекеттерді, өлшеудің   жүйесін, кестелік көбейту мен бөлуді, қарапайым және құрамдас арифметикалық есептерді, уақыт және геометриялық материалды, арнайы мектептегі бөлшектерді қарастырады. 

Білім алушыларда арнайы мектептегі математика пәнінің мазмұны, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері, негізгі теория және тәжірибе сұрақтары туралы білімдерін қалыптастыру «Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі» курсы арнайы педагогтарды дайындау жүйесінде маңызды орын алады және де негізгі арнайы әдістемелердің бірі болып саналады.

Пәннің мақсаты: «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» пәнін меңгеру мақсаты математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесімен танысу болып табылады. Білім алушыларда мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесінен кәсіби құзыреттілік қалыптастыру.

Міндеттері:
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесін тереңдетіп оқытудың теориялық негізін қалыптастыру;
- Арнайы педагогты оқыту процесінде жалпы және арнайы психологиялық-педагогикалық цикл пәндері арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

- Білім алушылардың дүниетанымын, кәсіби ойлауын дамыту;

Оқыту нәтижелері:

1. Математиканы зерттеу әдісін, пәнін, мақсатын, міндетін біледі; 
2. Төменгі сынып оқушыларының математиканы оқыту теориясы мен практикасының даму бағыттарымен тенденциялары туралы түсінігі бар;  
3. Математиканы оқытуды ұйымдастыру формасы мен мазмұны, математиканы оқытуды ұйымдастыру формасы мен әдістерін меңгереді; 
4. Теориялық және әдістемелік қолжетімді көздерді қолдана отырып өз білімін тереңдетеді; алған білімін  тәжірибелік оқу әрекетінде өз бетімен пайдалана алады; оқытудың мақсатымен міндетін ажырата алады; 
5. Математиканы оқытуда технологияларды және әдістемелік тәсілдерді қолданады; математика сабағын талдау және өткізу барысында дидактикалық іскерліктерді пайдаланады;  
6. Арнайы мектептің бастауыш сыныбында математика курсын оқытуда  оқушылардың оқу әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін математиканы оқытудың технологиялары және әдістемелік тәсілдерін қолданады;  арнайы мектепте математиканы оқытудың  ұйымдастыру педагогикалық әдістемелік, дидактикалық негізі туралы білімдерін меңгерген. 
7. Білім алушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін, даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқару.

8. Ерекше қажеттілігі бар балаларды табысты оқытуға кедергі келтіретін білім беру кедергілерін бағалайды және жояды, ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке траекторияларын және бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу.

Күтілетін нәтиже арнайы мектептің бастауыш сыныбында математика курсын оқытуда  оқушылардың оқу әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін математиканы оқытудың технологиялары және әдістемелік тәсілдерін қолданады;  арнайы мектепте математиканы оқытудың  ұйымдастыру педагогикалық әдістемелік, дидактикалық негізі туралы білімдері қалыптасады.