
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан тарихының жаңа
кезеңі XVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Аталған кезең Қазақ хандығы тарихындағы бірқатар ірі оқиғалар мен процестермен
ерекшеленеді: бұл «Ақтабан шұбырынды» кезеңі, Қазақстанның Ресей бодандығын
қабылдауы, Ресей империясының отарлау саясаты, қазақ мемлекеттілігінің жойылуы,
қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі, халықтың ұлттық
сана-сезімін ояту, ХХ ғасырдың басындағы либералды-демократиялық қазақ
зиялыларының қызметі, ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі оқиғалардың
ерекшеліктері.
Пәннің мақсаты: ХҮІІІ ғасырдың басынан
бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі жаңа замандағы Қазақстан тарихын нақты тарихи
деректер негізінде саралап, ғылыми түсінік қалыптастыру, шынайылық, обьективтік
принциптері негізінде оқытып, білім беру болып табылады.