Пәннің қысқаша сипаттамасы: Пәнді игеру кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру мен басқарудың негізгі түсініктерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерделеуді; кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға байланысты құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді, осындай қызметтің қолданбалы міндеттерін шешуді көздейді.

 

Пәннің мақсаты: халықаралық экономиканың құрылымын, оларды жүзеге асырудың механизмi, қазiргi таңдағы дамуының тенденциялары мен ерекшелiктерiн қарастыру, бағалардың әлемдік жалпы деңгейін анықтауды ескере отырып келісім-шарттар жасасу, серіктесті тиімді таңдау, іскерлік хаттарды жүргізу және коммерциялық операцияларды ұйымдастыру тәжірибелеріне үйрету.