Кімге арналған: студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасына сәйкес білім алушыларға, көбінесе Ақпараттық жүйелер, Информатика мамандықтары үшін арналған;

Мақсаты: Студенттерді цифрлық ақпаратты қорғаудың заманауи инновациялық технологияларымен таныстыру, қауіпсіз ақпараттық жүйелерді жобалау мен қолдануға дағдыландыру.

Нәтижелері: Цифрлық ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін біледі; Симметриялық және асимметриялық шифрлау әдістерін қолдана алады; Кибершабуылдарды анықтау және алдын алу технологияларын меңгереді; Блокчейн және биометрия негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін талдай алады; Ақпараттық жүйелерді қорғаудың заманауи құралдарын практикада қолдана алады.