Кімге арналған: студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасына сәйкес білім алушыларға, яғни: Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелер архитектурасы, Жасанды интеллект инженерлігі мамандықтары үшін арналған;
Мақсаты: «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәнінің мақсаты компьютерде есептерді шешудің негізгі деңгейлерін, алгоритм туралы түсінік және оларды көрсету әдістерін, алгоритмнің түрлерін оқуды қалыптастыруға арналған осы алгоритмдерді қажет ететін жағдайлар мен алгоритмдердің жұмыс істейтін мінездемелері қарастырылады, есептеу жүйелердің теориясы мен алгоритмдерді талдау арасындағы байланыс, алгоритмдердің тиімділігі зерттеледі. Және оларды өңдеу және құру принциптерін және оларды программалық жүзеге асырылуы, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін құру болып табылады.
Нәтижелері: Программалық кешендерді құрудың ерекшеліктерінің, алгоритмдерді безендендірудің типтік әдістемелерін және оларды жобалаудың негізгі тәсілдерінің негіздерін біледі және түсінеді; программалаудың заманауи технологияларын, программалау ортасы мен құралдарын меңгереді.